Маңғыстау облысы, Түпқараған ауылында «Теңізшевройл» ЖШС-нің қолдауымен балалар қалашығы ашылды. Орталық Азияның Еуразия Қоры арқылы іске асқан жаңа жоба ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлады. Бұл туралы МаңғыстауМедиа хабарлады.
Тілектес САДЕНОВА, жоба жетекшісі
Әрбір тұрғын өз қаласы мен ауылының гүлденіп көркейгенін қалайды. Бірлесіп жұмыс істесек, оған қол жеткізуге мүмкіндік болады. Сол себепті, алдымызға осындай мақсат қойып, балалар қалашығын ашу туралы ұсынысымызды жолдадық. Кейін қолдау тауып, бүгін міне грантқа қол жеткізіп отырмыз.
Баутиндегі бос тұрған алаңды балалар қалашығына арнап дайындаған. Мұнда лабиринт, түрлі салада ойнайтын үйшіктер (дәріхана, полиция, мектеп, өнерлі балаларға арналған сахна т.с.с), әткеншектер бар. Жарықшамдар орнатылып, өрнектастар төселген.