Коронавирусқа шалдыққан Украина президенті Владимир Зеленский мен әкімшілік жетекшісі Андрей Ермак ауруханаға жатқызылды. Олар Киевтегі «Феофания» клиникалық ауруханада ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Ермактың кеңесшісі Михаил Подоляк мәлімдеді.
Оның айтуынша, клиникада президентке онлайн жиналыс өткізуге мүмкіндік беретін арнайы бөлме жабдықталған. Соның арқасында бірнеше селекторлық отырыс өткізіп үлгерген.
9 қараша күні Зеленский кеңсесі, президенттен коронавирус анықталғанын хабарлаған болатын. Одан бөлек парламент спикері Дмитрий Разумковтан, қаржы министрі мен қорғаныс министрінен және өзге де жоғары лауазымды тұлғалардан ковид-19 анықталған. Украина денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, пандемия басталғалы елде вирус жұқтырғандар саны жарты миллионнан асқан, ал қайтыс болғандар 10 мыңға жуықтаған.