Оқу жылының екінші тоқсанында шәкірттер дәстүрлі түрде оқи ма, әлде қашықтан білім ала ма –әлі белгісіз. Денсаулық сақтау министрлігі нақты шешім шығармады.
Ал жуырда оқушылардың күзгі демалысы басталады. Бір жұма болатын каникул мерзімі ұзартылып, оқушылар келесі айдың бесі мен 14-і аралығында сабақтан босатылмақ.
Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ, Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы
Осы карантиндік шараларға байланысты күзгі каникул 10 күнге созылып жатыр. Онда әр түрлі шара ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Оның бәрі қашықтан өткізіледі. 2 тоқсандағы формат дәстүрлі өтуі мүмкін, бірақ бұл туралы министрлік нақты ештеңе демеді. Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күтіп отырмыз. Соған байланысты нақты шаралар қабылданатын болады.