Жем өзені жыл өткен сайын тартылып барады. Бәрінен бұрын кәсібі тіршілік нәріне байланған шаруалар бір кездері толқыны тулап, арнасынан тасып жататын өзен жойылып кете ме деп қорқады. Алатау Шарғабаев мал шаруашылығымен 25 жыл айналысқан. Үкіметтен несие алып, төрт түлігін көбейткен. Алайда оның маңдай тері ақталмауы мүмкін.
Алатау ШАРҒАБАЕВ, Жылыой ауданының тұрғыны
Су тапшылығы. Шабынды жеріме су шықпай қалды. Шөп шабатын жерім жоқ, жайылым жері де жоқ. Сол себептен тоқтатып тастадым. Бұлақ көздері тазаланбай жатыр. Бұлақ көздері бітеліп жатыр. Ашылу керек. Бұлақ көздері осы жерден 70-80 км жерден басталады тауға қарай. Сол бітеліп жатыр. Жұмыс жасамай жатыр.
Жемнің мүшкіл күйге түсуіне Мұғалжар тауынан ағатын бұлақ көздерінің ашылмауы себеп. Арнасының құрғағаны соншалық – жаяу жүргінші еркін жүріп-тұра алады. Су келетін маусымда шаруа қожалықтары пайдаланып қалайын деген ниетпен заңсыз бөгет қойып тастайтын көрінеді. Салдарынан оның арғы жағындағы елдімекендер түксіз қалады.
Асхат ИМАНҒАЗИЕВ, Жылыой ауданының тұрғыны
Ол кісілер бұл бөгет жөнінде білмейді. Ауылшаруашылығы бөлімі білмеген жерде заңсыз салынған деп есептейміз. Сондықтан азғантай келген суды халыққа тиімді пайдалану үшін бөгетті алып, судың бағытын ұстамауды талап етеміз.
Мәселені шешу үшін Аралтөбе су қоймасын жандандыру қажеттілігі жылда айтылады. Жасанды су қоймасына 50 млн текше метр су жинауға болады. Бұдан өзге тағы бір жол бар: өзенге қуат беретін жер асты көздерін іздеу.
Жантөре РАШЕВ, Жылыой ауданы әкімінің орынбасары
ЗавКазНедра деген бар Батыс Қазақстан бойынша жер асты суларын зерттейтін. Соларға хатпен шықтық. Біздің жемнің бойында жер асты сулары бар-жоғын анықтап беруге. Болған жағдайда жоқ дегенде бюджеттен қаржы қарап, жемге скважин қаздырамыз ба деген ойда бар. Облыс әкімінің орынбасарында ката бар ССР кезіндегі. Бізде скважин қаздырған. Соны қазір көтертіп жатырмыз. Действующий болса, онда Жемге жұмыстанамыз.
Мәселенің қашан және қалай шешілетінін ешкім дөп басып айта алмайды. Үкіметтен күдерін үзген шаруаларға көктен жаңбыр тілеуден басқа амал жоқ сыңайлы.