Карантиндік шектеулердің әсерінен театр көрермендері 50 адамнан аспайтын хәлге жетті. М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының залында 500 адамға орын қарастырылғанмен, ат төбеліндей елді жинай алады. Алайда тірі қойылымды сағынғандардың қарасы көп. Ал келген көрерменге бетперде тағып отыру міндеттеліп, арақашықтықтың сақталуына жағдай жасалды, – дейді өнер ордасының басшысы.
Берік ЖӘМЕНОВ, М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының басшысы
Жастарымыз келіп жұмыс жасады. Ол кезде де 20-30 адаммен репетицияны тоқтатпауға тырыстық. геройлар дейді ғой соларды бөлек бөлек дайыдыққа салуға тура келді. ++1:20 Арнайы рұқсатымызды алдық мәдениет басқармасынан, облыстық Бас санитарынан. Бүгінде толыққанды жұмыс жасап жатырмыз. Осыған дейін бірнеше рет телефон арқылы сұрап жатқандар болды. Қашан ашыламыз, біз өнерді, театрды сағындық дейтін.
Жергілікті театр 13 қазанда 83-інші маусымын ашты. Алғаш болып Абайдың 175 жылдығына арнап «Жан» премьерасы сахналанды. Карантинде рөлдегі әртістер жаттығуын жеке жасаса да, жаңа маусымға бірнеше репертуар дайындалған. Лық толы залға көзі үйренген олар 50 шақты адамның келгеніне де дән риза. Бастысы, карантинде бойымызда тұншыққан талантымызды көрсете алсақ, – дейді әртістер.
Нұрбек СЬЕЗХАН, әртіс
Кешенің өзінде ең алғаш бастап сахнаға шыққан бетте бар жан дүниемізді беріп, жүрегіміз жылып, халықты көріп қуанышымыз ішімізге сыймай. Әй, бір халқымызбен қауыштық қой деп, қазір залымыз толық болмаса да төбеміз көкке бір елі жетпей жүрген жандармыз деп айтсақ болады. Тағы да бір халықпен қауышып, алдарында иілетін бақытқа ие болдық сахнаға шығып.
Енді еліміз коронавирустың екінші толқынынан аулақ болса, алда әлі талай бірнеше премьераның тұсауы кесіледі деп уәде етті әртістер.
Карантин уақытында гаджеттерден шаршаған боларсыз. Енді тірі қойылымнан ләззат алатын кез келді. Ол үшін академиялық драма театрдың есігі айқара ашық. Премьераны тамашалауға келіңіз.