Атыраудағы қоғам белсенділері өңір басшысымен жүздесті. Ондағы мақсат – облыстағы шешімі күрмелген сұрақтардың жауабын табу. Кездесу барысында әрқайсысы еркін пікір таластыратын мүмкіндікке ие болды.
Жібек БИСЕНОВА, қоғамдық қор төрағасы
Бұл кездесудің ерекшелігі – біздің өңіріміздегі әлеуметтік мәселелерді талқылап, шешімін табуға тырысу. Бұрынғыдай әркім әр жерден шуламай кезек-кезекпен жеткіземіз.
Жиын барысында қоғам белсенділері дайын жобалар ұсынып, әлеуметтік саладағы қордаланған мәселелерді шешуге дайын екендерін айтты.
Қазіргі уақытта облыс бойынша 667 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың жұмысына биыл жергілікті бюджеттен 750 миллион теңге қарастырылған.