Тәуелсіздікпен қатар түлеген «Атырау» телеарнасы 30 жылдық мерейтойын тікелей эфирде атап өтті.
Телевизия саласына тері сіңген ардагер журналистер хабарға қонақ болып, елеулі естеліктерімен бөліссе, арнаның бұрынғы қызметкерлері видеоүндеу жолдап, әріптестерін атаулы күнмен құттықтады.
Осыдан 30 жыл бұрын 23 қыркүйекте тұсауы кесілген телеарнаны басқарған талай басшы айрандай ұйыған ұжымда өзіндік із қалдыруға тырысты. Бірі жаңалықтар бөлімін жаңғыртса, екіншісі сұранысқа сай әлеуметтік желі мен сайттардың дамуына үлес қосты. Сондай-ақ, кенжелеп қалған радионы жандандыру мақсатында жаңа үлгідегі студия ашқан азаматтар да бар.
Қазіргі басшы тақырыптық бағдарламаларды тың идеямен жарыққа шығаруды мақсат етеді. Ол туралы тікелей эфирден кейін ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференцияда айтылды.