Атыраудағы карантиндік шектеулердің ұзартылуына байланысты пойызбен жүру мүмкін болмай тұр. Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Маңғыстау және Ақтөбе бағыттары бойынша теміржол қатынасы тоқтатылған еді.
Дегенмен қалаға кіріп-шығу үшін әуе кемесі, жеңіл көліктер мен автобустарды пайдалануға болады. Жауаптылардың айтуынша, өңірдегі пойыз қозғалысы вирус жұқтырғандардың өсімі тоқтап, карантиндік шектеу алынған жағдайда ғана жанданады.
Зульфия ҚАЙРЕДЕНОВА, Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы:
Темір жол қозғалыстарын жандандыру коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеудің мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының кеңесіне сәйкес қабылданатын болады. Сонымен қатар, бұл мәселе Атырау облысындағы коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайына байланысты шешіледі.