Махамбет ауданынан 40 шақырым қашықтықтағы Қоржын көлінің тереңдігі 1 жарым метрді құрайды. Мұнда кәсіби балықшылықпен айналысуға рұқсат жоқ. Дегенмен 5 келіге дейін балық аулауға ешкім тыйым салмайды.
Су айдыны балық үшін қауіпті саналады. Жайық суының деңгейі төмен түсіп кеткендігі себепті тасқынмен келген тіршілік иелері мекеніне кері орала алмауда.
Бекен СҰПЫҒАЛИЕВ, Махамбет ауданы балық қорғау инспекциясы бөлімінің бас маманы:
Биыл жаз мезгілінде 1 миллионнан көп уақ шабақ Жайық өзеніне жіберілді. Су бөлініп қалғаннан кейін көлдерде балық қалып қояды. Оқшауланып қойған балық үшін судың гидрохимиялық режимнің өзгеруіне байланысты қауіп болады.
Шабақтарды құтқару жұмыстары алты тоғанда жүргізіліп жатыр. Карантинге дейін оған еріктілер де қатысты. Ал қазір бұл жүктің бәрі Махамбет аудандық балық инспекциясы мен балық кооперативіне артылған.
Шабақтарды араға уақыт сала отырып, бір жерге жиналған кезде қолға түсіреді. Тым ұсақтарын өзенге кері жіберсе, ересектері өңдеуге жіберіледі.
Ал ауланған балықтардың тиісті нормадан асып кетпеуін ихтиологтар мен инспекторлар бақылап отырады.