Өңірде 5 ломбард, 4 микроқаржы ұйымы, 6 несие серіктестігі тіркелген. Облыс тұрғындарының оларда 4 миллиард 200 миллион теңгеден астам берешегі бар.
Мамандардың айтуынша, қарыздың көбеюіне індет кезіндегі дағдарыс әсер еткен.
Асыланбек ҚАБЕСОВ, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Атырау қаласындағы басқармасының басшысы:
Негізі, дүние жүзінде болып жатқан індетке сәйкес жұмысссыздықтың белең алуы микрокредит алдыруға соқтырып тұр. Және де микроқаржылық ұйымдардың мемлекет тарапынан реттеуге алынуына осы өсімнің әсері болды.
Пандемиядан кейін өңірдегі жұмыссыздардың саны 9 000-ға жеткен. Соңғы уақытта қаржыдан қысылғандардың қанжығасы микронесиемен уақытша майланып, қарызға батып жүргені де осыдан дейді маман.