Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі осыдан 7 жыл бұрын жұмысын бастады. 2013 жылдың 11 қыркүйегінде ашылған білім ордасы өңірдегі дарынды балалардың академиялық және шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында құрылды.
Соңғы жеті жылда 600-ден астам шәкірт тәмамдады. Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының оқу мен тәрбие, өнердегі және спорттағы жетістіктері білім ордасын аймақта көшбасшы оқу орындарының біріне айналдырды.
Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі облыстағы жалпы білім беретін орта мектептерде оқытудың инновациялық үлгісін енгізу бойынша әдістемелік алаңға айналды. 2017 жылдың 1 қарашасында Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі CIS Халықаралық мектептер Кеңесінің аккредитациясын ие болды.