Бүгін таңертеңгі сағат сегіз шамасында Атыраудағы Махамбет пен Бейбарыс көшелерінің қиылысында адам өліміне соқтырған жол-көлік апаты болды.
Оқиғаға «Лада Ларгус» жеңіл автокөлігі мен қос бірдей автобустың қатысы болған. Алдын ала болжам бойынша апатқа көше қиылысындағы істен шыққан бағдаршам себеп болуы мүмкін.
Бізге жеткен деректерге сүйенсек, оқиға салдарынан «Лада» автокөлігінің 1996 жылғы жүргізушісі сол жерде жан тапсырса, көліктегі жолаушы жансақтау бөліміне жеткізілген көрінеді. Ал түрлі дене жарақатын алған автобустың 7 жолаушысына дереу алғашқы медициналық жәрдем берілген.
Қазір осы жағдай бойынша ҚК-тің 345-бабымен қылмыстық іс қозғалды.