Геолог ықшамауданы бағытындағы теміржол көпірі 22-тамызда ашылатыны туралы қалалық ТКШ бөлімі қосымша хабарлады.
Мамандардың айтуынша, бұрынғы айналма жолдағы жөндеу жұмыстары құрылыс материалдарының баяу жеткізілуіне байланысты кешіктірілуде. Сондықтан тұрғындарға тағы екі күн кептелекке көнуден басқа амал жоқ. Ал Амандосов пен Баймұханов көшелеріндегі аумақ 27 тамызда ашылмақ.
Аңсаган САҒЫНБАЕВА, қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:
– Ол жерде асфальт төсеудің өзі 5 бөліктен тұрады. Соның соңғы бөлігін төсеу ғана қалды. Ол үшін жиектасты алып келу міндеттелген болатын. Бірақ 2 күн кешіктірілуіне орай, 22-тамызда Амандосов-Берғалиев көшелеріндегі жол қозғалысы қалпына келтіріледі.
Жолдың ашылуы қайта-қайта кейінге қалдырылып келді. Екі аптада ашылуы тиіс уәделі тасжол жауын-шашынның кесірінен бір тоқтады. Енді жоспар бойынша бүгін ашылмақ болғанда қолды да, жолды да жиектастың кешігуі байлап отыр-мыс.