«Хабар» Агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, финалы осы жылдың 29 қарашасында Варшавада (Польша) өтетін «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауының Ұлттық іріктеуіне қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастады. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты хабарлады.
Байқауға 9–14 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады. Яғни, 2020 жылдың 29 қарашасында үміткердің жасы осы талаптан асып кетпеу керек.
Ұлттық іріктеу 4 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең – өтінімдерді қабылдау. Қатысушыларға сауалнаманы толтырып, өзі орындаған әннің бейнежазбасын Ұлттық іріктеудің ресми сайтына jevision.khabar.kz жүктеуі керек. Өтінімдер 20 тамызға дейін қабылданады.
Екінші кезең –бұл халықаралық ән байқауларының жеңімпаздары мен танымал орындаушылардан құралған әділ-қазы алқаларының шешімімен ең мықты деген 30 қатысушыны іріктеу кезеңі.
Үшінші кезең – jevision.khabar.kz сайтындағы онлайн дауыс беру сатысы. Бұл кезеңде қазақстандықтардың әрқайсысы өзіне ұнаған қатысушыға дауыстарын бере алады. Онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Ұлттық іріктеудің 12 финалисі анықталатын болады.
Төртінші кезең – Ұлттық іріктеудің финалы. Бұл кезеңде еліміздің ең танымал деген композиторларының қатысушыларға арнап жазған арнайы әнін орындау арқылы, 12 финалист әнді шебер орындау жағынан жарысқа түседі. Әділ-қазылар алқасының берген бағасы мен SMS дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз анықталатын болады. Ең көп ұпай жинаған финалист Варшавада өтетін «Junior Eurovision Song Contest» Халықаралық ән байқауында Қазақстан атынан сайысқа шығатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан «Junior Eurovision Song Contest» байқауына үшінші рет қатысуда. 2018 жылы байқауға Данелия Төлешова «Өзіңе сен» әнімен қатысып, алтыншы орынға ие болды. Былтырғы жылы Ержан Максим «Арманыңнан қалма» әнімен екінші орын алды.
Қосымша ақпарат үшін мына телефон нөміріне хабарласыңыз:
8 (701) 152 07 91
ЕРЕЖЕ
«Junior Eurovision Song Contest 2020» балалар ән байқауының Ұлттық іріктеу кезеңі туралы Ереже
Осы «Junior Eurovision Song Contest 2020» балалар ән байқауының Ұлттық іріктеу кезеңі туралы Ереже (бұдан әрі – Ұлттық іріктеу) «Junior Eurovision Song Contest 2020» балалар ән байқауының Халықаралық сайысы Ережелерінің негізінде әзірленген және балалар ән байқауына Ұлттық іріктеуді жүргізудің тәртібін реттейді.
- Жалпы ережелер
Ұлттық іріктеу Польша Республикасының астанасы Варшава қаласында 29 қарашада өтетін «Eurovision 2020» балалар ән байқауында (Junior Eurovision Song Contest 2020) (бұдан әрі – Байқау) Қазақстан Республикасының атынан қатысу үшін орындаушы мен әнді іріктеу мақсатында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында Ұлттық іріктеудің ұйымдастырушысы Еуропалық Хабарламалық Одағының (ЕХО) қауымдасқан мүшесі болып табылатын «Хабар» Агенттігі» (бұдан әрі Ұйымдастырушы) мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі.
Ұлттық іріктеу туралы ақпарат khabar.kz ресми сайтында орналастырылады (бұдан әрі Сайт).
Ұлттық іріктеуді өткізуге байланысты кез келген сұрақтарды Ұйымдастырушы қарастырады.
- Ұлттық іріктеуді өткізудің тәртібі мен мерзімі
2.1. Ұлттық іріктеу төрт кезеңге бөлініп өткізіледі:
Бірінші кезең: 2020 жылдың 10 – 20 тамызы – Ұйымдастырушы Сайтында өтінімдерді қабылдау.
Екінші кезең: 2020 жылдың 21-22 тамызы – Әділқазылар алқасы онлайн дауыс беруге қатысатын 30 қатысушыны таңдайды.
Үшінші кезең: 2020 жылдың 24-31 тамыз аралығында http://jevision.khabar.kz сайтында жалпыхалықтық онлайн дауыс беру арқылы финалған өтетін 12 қатысушыны анықтайды.
Төртінші кезең: 2020 жылдың 26 қыркүйегінде – финал – «Хабар» телеарнасында тікелей эфирдегі гала-концерт.
- Ұлттық іріктеуге қатысушыларға қойылатып талаптар
Ұлттық іріктеуге қатысуға 2020 жылдың 29 қарашасында Варшава қаласында Халықаралық балалар ән байқауын өткізу күнін қоса есептегенде, 9-14 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мүмкіндік алады.
Ұлттық іріктеуге жалғыз орындаушы, алты адамнан аспайтын орындаушылар ұжымы қатыса алады, яғни сахнада алты адамнан көп өнер көрсетпеуі керек.
- Ұлттық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді беру тәртібі
4.1. Ұлттық іріктеуге қатысу үшін 2020 жылдың 10 тамызынан 20 тамыз сағат 18.00-ге дейін қатысушының заңды өкілі Ұйымдастырушының Сайтына өтінім береді, сайтқа сілтеме http://jevision.khabar.kz.
4.2 Байқауға топтар қатысқан жағдайда, барлық талаптарға сай ұжымдық өтінім беруі тиіс
4.3. Берілген өтінімдер осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өтінімдер қайтарылады және Ұлттық іріктеуге қабылданбайды.
- Әділқазы алқасы
Ұлттық іріктеуді өткізу үшін Ұйымдастырушы кәсіби Әділқазы алқасы сайлайды, оның құрамына кәсіби музыканттар, продюсерлер, композиторлар, Ұйымдастырушының өкілдері кіреді (бұдан әрі – Әділқазы алқасы).
Әділқазы алқасының құрамы Ұйымдастырушының сайтында жарияланады.
Әділқазы алқасының жұмысы оның барлық мүшелерінің теңдігі негізінде құрылады.
Әділқазы алқасы 2020 жылдың 22 тамызына дейінгі мерзімде Ұйымдастырушының Сайтына берілген Ұлттық іріктеу қатысушыларының өтінімдерін қарастырады және өтінімдері Ұлттық іріктеу кезеңінің финалына қатысу үшін осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін қатысушыларға шақыру жібереді.
Финалға қатысу үшін іріктелген орындаушылардың тізімі Ұйымдастырушының Сайтына жарияланады.
- Ұлттық іріктеудің финалы – Гала-концерт
Финал үшін іріктелген орындаушылардың қатысуымен гала-концерттің көрсетілімі «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтетін финал үшін іріктелген орындаушылардың қатысуымен болады.
Гала-концерт қатысушыларының әнді орындау кезегін жеребе тастау арқылы белгілейді.
Ұлттық іріктеудің жеңімпазы көрермендердің дауыс беруі нәтижесінде анықталады.
Көрермендердің дауыс беруі телефонмен дауыс беру және/немесе sms/хабарламалар арқылы жүзеге асырылады. Көрермендердің дауыс беру қорытындысы бойынша ұпайларды есептеуді әрбір қатысушыға қатысты көрермендердің дауыстары, яғни sms хабарламалардың жиынтығын есептеу арқылы Ұйымдастырушы жүзеге асырады.
Көрермендердің дауыс беру қорытындысы туралы хаттамаға Әділқазы алқасының барлық мүшелері қол қояды.
Көрермендердің дауыс беру нәтижесінде ең көп балл жинаған гала-концерт қатысушысы Ұлттық іріктеудің жеңімпазы атанады.
Егер екі немесе одан көп қатысушылар көрермендердің дауыс берудің нәтижесі бойынша бірдей балл алса, жеңімпазды Әділқазы алқасы анықтайды. Бұл ретте Әділқазы алқасы төрағасының дауысы шешуші болады.
Финалға қатысу үшін Әділқазы алқасы іріктеген қатысушылардың заңды өкілдері немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен, Ұйымдастырушы әнді, аранжировкасын, фонограмманы қолдануға, сондай-ақ Ұлттық іріктеуге қатысуға байланысты құрылатын аудиовизуалды туындыларда қолдануға құқықтарды Ұйымдастырушыға қатысушы немесе заңды өкілінің берілетін көлемі қарастырылатын Ұлттық іріктеудің финалына қатысуға келісімшарт жасайды.
6.9. Финалдың өткізілу форматы мен орыны эпидемиология жағдайына байланысты ұйымдастырушылар анықтайды.
7. Қорытынды ережелер
Ұлттық іріктеудің жеңімпазы Польшада өтетін «Eurovision 2020» Халықаралық балалар ән байқауына Қазақстан Республикасының атынан қатысу құқығына ие болады.
«Eurovision 2020» Халықаралық балалар ән байқауына қатысуға дайындық кезінде Ұйымдастырушы осы байқауға қатысу туралы Республикалық іріктеу жеңімпазының заңды өкілімен келісімшартқа отырады, онда байқауға қатысу үшін жеңімпазды дайындаудың тәртібі белгіленеді.
Әділқазы алқасы мен Ұйымдастырушы Ұлттық іріктеудің кез келген кезеңінде қатысушы немесе оның заңды өкілі осы Ереженің талаптарын бұзған жағдайда Ұлттық іріктеуге қатысудан қатысушыны алып тастау туралы шешім қабылдай алады.
Осы Ережеде қарастырылмаған барлық сұрақтарды Ұйымдастырушы шешеді.
Өтінімді мына сілтеме арқылы береміз:
https://jevision.khabar.kz/kz/
Әлеуметтік желілер сілтемесі:
Instagram: https://instagram.com/jevision2020.kz/
Facebook: https://www.facebook.com/jevision2020.kz/
YouTube: https://www.youtube.com/playlist?list=PLBf-Ed1zJ7045LE81Hj8Q747PHSmhBNag
Қатысушы сауалнамасын төмендегі сілтеме арқылы толтырамыз:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdWqJWU1ijfLJz6ivo9aXOSq3AL_YpkaSg1f86w68zHQbGyzw/viewform