Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіге қатысты 60 қылмыстың жолын кесті. Бұл туралы облыстық департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Нақтырақ айтсақ, жеті ай ішінде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 60 есірткі қылмысының фактісін анықтады. Оның ішінде 45 есірткі өткізу фактісі, 5 есірткіні аса ірі көлемде сақтау, екі ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты өткізу фактісі, 58 есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау жөніндегі сайт, 2 есірткі құралдары контрабандасының фактісі, 3 есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастыру және ұстау фактісі, 300-ден аса өткізу мақсатынсыз есірткі қылмыстары.
Жанарбек БАҚТЫБАЕВ, Маңғыстау облысының полиция департаментінің басшысы:
– Нашақорлықтың алдын алу әрбір сынып, әрбір орта және жоғары оқу орындары, әрбір отбасы арқылы жасөспірім мен жастардың есірткіге қарсы психологиялық иммунитетін қалыптастыра отырып, есірткіге қарсы насихат кешенді және әр түрлі болуы тиіс, міндетті түрде салауатты өмір салтын насихаттаумен ұштастырылуы тиіс.
Сондай-ақ, аймақтың есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ПД Жергілікті полиция қызметімен бірге есірткіге қарсы үгіт-насихат жүргізді.