Атырау қалалық білім бөліміндегі мамандардың айтуынша, жаңа оқу жылында бірде-бір оқушы интернетсіз қалмайды.
Атырауда 2800-ге жуық отбасы интернетке қол жеткізе алмай отыр, олар үшін мобильді роутерлер сатып алынбақ. Сондай-ақ, әр мектепте бастауыш класстар үшін кезекші сыныптар ашылады. Жұмыс бабымен немесе физикалық жағдайына байланысты балаларын үйден оқыта алмайтын ата-аналар перзентінің штаттық режимде білім алуына келісім беру жөнінде өтініш толтыра алады.
Фаруза ШАНГЕРЕЕВА, қалалық білім бөлімінің басшысы:
– Бұл – оқушылар мектепте де, үйде да білім алады деген сөз. 15 бала кезекші сыныптарда оқыса, қалғандары сабаққа онлайн түрде қосылады.