CaspianLife, 26 наурыз. Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 26 наурыз күні таңғы сағат 07:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолының 575-шақырымында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды. Toyota Coaster маркалы жолаушылар автобусы мен Lada Vesta жеңіл көлігі соқтығысқан.
Апат салдарынан жеңіл көлікте болған үш адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті жүргізушілерді жолда сақ болуға және жылдамдықты шамадан тыс асырмауға шақырады.