CaspianLife, 7 ақпан. Бұған дейін хабарланғандай, «Халықаралық Голдбридж компаниясы» ЖШС Атырау облысында жылына 144 мың тонна қант өндіретін зауыт салу бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жоба ішкі нарықтағы қантқа деген сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған көлемдегі қант өндіру үшін шамамен 900 мың тонна қызылша немесе қант құрағы шикізаты қажет болады.
«Инвестор атыраулық компаниямен келіссөздер жүргізді, бұл компания қант қызылшасын өсіруге дайын. Жобаның құны – 58 млрд теңге. 200 жаңа жұмыс орны ашылады», – деп нақтылады министрлік.
Дереккөз: www.caspianlife.kz
(сурет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтынан)