Ресей Федерациясының мемлекеттік шекара қызметі хабарламасында, 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Орынбор облысындағы Орск және Маштаково автокөлік өткізу пункттері арқылы көлік құралдары мен жүк тасымалының уақытша тоқтатылатыны айтылады. Бұл шешім Қазақстанның «Алимбет» (Ақтөбе облысы) және «Сырым» (Батыс Қазақстан облысы) өткізу пункттерінің жоспарлы жөндеуге жабылуына байланысты қабылданды.
«Қазақстан тарапынан алынған мәліметке сәйкес, қайта жаңарту жұмыстары 16 айға дейін жалғасуы мүмкін. Орск және Маштаково өткізу пункттерінде мемлекеттік бақылау процедураларының қайта басталуы туралы қосымша ақпарат біздің ресми телеграм-арнамызда жарияланады. Ресей-қазақ шекарасын кесіп өту кезінде осы ақпаратты ескеруді немесе басқа маршруттар арқылы өтуді, мысалы, Илек (тек Ресей мен Қазақстан азаматтары үшін), Теплое (тек Ресей мен Қазақстан азаматтары үшін), Светлый және Сагарчин өткізу пункттері арқылы өтуді ұсынамыз», — делінген Ресей Федерациясының мемлекеттік шекара қызметі ресми сайтында жарияланған хабарламада.