CaspianLife, 16 қаңтар. Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығына арналған жобасы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальін енгізу туралы» жобасын әзірледі.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, нормативтік-құқықтық акті Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер мен басқа да қатысушыларды Қазақстан Республикасында салтанатты түрде құрметтеу мақсатында әзірленген. Жарлық жобасында «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальі енгізіліп, наградтау ережелері мен медальдің сипаттамасы бекітіледі.
Үкімет қаулысының толық мәтінімен «Электронды үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 29 қаңтарға дейін танысуға болады.