Мемлекеттік қызметшілер арасында жүргізілетін конкурстық іріктеу ережелері жеңілдетілді.
Енгізілген түзетулерге сәйкес, мемлекеттік орган қызметкерлері арасында өтетін ішкі конкурс жалпы конкурспен біріктірілген. Өзгерістер 2020 жылдың 17-шілдесінен бастап күшіне енді.
Мамандардың сөзінше, жаңашылдық бос лауазымдардың орнын аз уақытта толтыруға ықпал етеді.
Руслан ТҰҢҒЫШБАЕВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі АОД басшысының орынбасары:
— Заңға енгізілген бұл жаңалықтар жұмысты 30 пайызға дейін қысқартады. Бұрынғы кезде конкурс үш кезеңнен тұрса, қазір екі кезеңнен. Бұрынғы үш кезеңнен тұрған кезде елу күнге дейін созылатын, қазір 15 күнге дейін қысқарып, уақыт үнемделеді. Сонымен қатар, өзгерістер бос лауазымдарға мемлекетті қызметшілерді тезірек алу мақсатында енгізілді.