CaspianLife, 15 наурыз — Бүгін Атырауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтеді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин маңызды жиынның бірінші күнінде өткен «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият»,»Білім және ғылым», «Әлеуметтік-экономикалық және аймақтық даму» секілді секциялық отырысқа қатысқандардың белсенді болғанын атап өтті. Оның сөзінше ұлттық құрылтай мүшелерінің мұндай белсенділігі мемлекет пен қоғам арасындағы азаматтық институттың дамып келе жатқанын көрсетеді.
Өткен төрт секцияда ұлттық құрылтайдың 70-тен астам мүшесі сөз сөйлеп, 100-ден астам ұсыныс-пікір айтылды. Басым бөлігі қоғамдық бірлікті одан әрі нығайту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ғылыми әлеуетті арттыру, мәдениетті қолдау, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, көші-қон процестерін реттеу және басқа да бірқатар әлеуметтік маңызы бар мәселелерге қатысты», — деді Ерлан Қарин.