Ақпарат және қоғамдық даму және министрі халыққа есеп беруде. Айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үшін биыл 97 тармақтан тұратын жоспар жасалған.
Ақпарат және қоғамдық даму және министрі халыққа есеп беруде. Айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үшін биыл 97 тармақтан тұратын жоспар жасалған.
Министрлік ақпарат, азаматтық қоғам, ұлт аралық қатынас, дін және жастармен жұмыс саласымен айналысады.
«Тағы бір үлкен бағыт – бұл қоғамдық сананы рухани жаңғырту. Білетіндеріңіздей, бұл туралы осыдан үш жыл бұрын ұзақмерзімді арнайы бағдарлама қабылданған. Осы уақыт ішінде біраз шаруа атқарылды. Қазіргі таңда аталмыш бағдарлама аясында 13 арнайы жоба іске асырылып жатыр. Бағдарламаны іске асыру бойынша биылғы 2020 жылға арналған 97 тармақтан тұратын жоспар да бар. Оған сәйкес атқарылатын іс-шаралар – тұлғалық даму, ұлттық ерекшелікті сақтау және мемлекет пен азаматтық қоғамды дамыту сияқты 3 бағытқа бөлінген. Міне, әр өңірдің осындай өз жоспары бар», — деді Аида Балаева
phone case drawinghttps://www.whatskey.org/francais/
Министр ақпараттандыру жағынан rruh.kz порталы және осы бағдарламаға қатысты барлық мәселелерді талқылау үшін арнайы «Азаматтық алаң» жұмыс істейтінін жеткізді.
«Әрине, кенже қалған мәселелер де бар. Олар бойынша біз жергілікті ресурстық орталықтармен тығыз қарым-қатынастамыз. Біздің жағымыздан «Еңбек – елдің мұраты», «Құқықтық мәдениет», «Үнем – қоғам қуаты», «Дәстүр мен ғұрып» атты 4 арнайы жоба ұсынылып отыр. Олардың әрқайсысына жеке концепция жасалып қойған. Бұл жобалардың барлығының негізгі идеясы – тұлғаны тәрбиелеу мен қоғамда биік талғам қалыптастыру», — деді министр.