CaspianLife, 26 сәуір — 25 сәуір күні №36 мектеп-гимназиясының 10-шы және 11-сыныптарының екі оқушысы өзара сөзге келіспей мектеп әжетханасында төбелесіп қалған.
Салдарынан 11-сыныптың оқушысын 10-сынып оқушысы соққыға жыққан. Оқушылар төбелескен кезде жандарында басқа сыныптардың да оқушылары болыпты.
Зардап шеккен оқушы кешкі сағат 17-30 шамасында жарақатпен Атырау облыстық ауруханасына жеткізіліп, құлақ, мұрын және бет жақ бөлімшесіне жатқызылған. Қазіргі уақытта облыстық ауруханада бет жақ хирург маманының болмауына байланысты науқастың ата-анасы қолхат жазып, оны Батыс Қазақастан облысына алып кеткен. Науқасқа жоспарға сай 7-10 күн ішінде ота жасалуы тиіс.
11-сынып оқушысын соққыға жыққан 10-сынып оқушысымен және жандарында болған барлық оқушылармен, олардың ата-аналарымен сөйлесіліп, түсінік жұмыстары жүргізілуде. Оқушылар бақылауға алынды.
Қалалық білім бөлімі орын алған оқиға бойынша мектеп директоры мен жауапты қызметкерлерге қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолданылды.
Алдағы уақытта аталған білім беру ұйымының жұмысы қатаң бақылауда ұсталатын болады.