CaspianLife, 21 сәуір — 20 сәуір күні Ақтау маңындағы Басқұдық ауылындағы автокөлік жолында «КамАЗ» маркалы жүк көлігіне тиелген темірбетон плиталар жол үстіне аударылып қалды.
Оқиға салдарынан жүк көлігі бір жағына қарай қисайып кеткен. Біраздан кейін оқиға орнына жеткен автокөтергіш бетон плиталарды көлікке қайта тиеген.
Әзірге Ақтау қаласының Полиция департаменті оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.