CaspianLife, 20 сәуір — Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқалидың мәліметінше, жер телімін алуға кезекке тұрғандар саны көбейген.
«Атырау облысында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға өтініш бергендердің саны 120 мыңнан асты. Оның ішінде 92 640 адам жер телімін Атырау қаласынан алғысы келеді. Биылғы жыл басынан бері 1999-2006 жылдары кезекке тұрғандарға облыс орталығына таяу маңдағы Атырау, Дамбы, Зарослый елді мекендерінен 54 жер телімі берілген. Енді Индер ауданында – 20, Махамбетте – 1 808, Жылыойда – 11, Исатайда – 50, Қызылқоға ауданында 276 жер телімін бөлу жоспарланып отыр», — дейді Әлібек Ермекқали.
Оның айтуынша, жер телімін беру 8 жылдан бері тұрақты жалғасып келеді. Мәселен, 2016 жылы – 826, 2017 жылы – 2 455, 2018 жылы – 1 177, 2019 жылы –789, 2020 жылы – 1 488, ал, былтыр 2 716 жер учаскесі берілген.