CaspianLife, 25 қаңтар — Құлсары қаласының тұрғыны Айгүл Бисембиева 52 жасында тұңғышын дүниеге әкелді.
Оған перинаталдық орталықта 19 қаңтар күні ота жасалған. Бақытты ана сәбиін аман есен құшағына алып, күні кеше үйіне оралды. Дүниеге келген атұстардың салмағы 3 келі 70 грамм, бойы – 51 см. Ата-анасы оны шаңыраққа енген нұрға балап, «Нұркелді» деп есім беріпті. Нәрестенің әкесі — 63 жаста. Жұбайлар 2020 жылы шаңырақ көтерген. Сәби аңсаған жандар экстракорпоральды ұрықтандыруға жүгініпті. Қыз-келіншектер кез-келген жаста да сәби сүю бақытынан үмітін үзбесе екен,- дейді қуаныштан жүзі бал-бұл жанған ана.
Бір жыл тұрдық. Екінші жыл көтердім. ЭКҰ арқылы көтердім. Мен сияқты көтере алмай жүрген. Үміттеніп жүрген. Үміттерін үзбесін деймін. Қай әйел де бақытты болуға лайықты. Бақытты болсын бәрі де. Қуаныштымын, бәріне рахметімді айтқым келеді, — дейді Айгүл Бисембиева.
Атырауда «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында былтыр 232 ана репродуктологқа жолдама алған. Биыл да осынша келіншекке квота бөлініп отыр.