CaspianLife, 25 қаңтар — «Қызыл» аймақтағы Атырау облысында коронавирус жұқтырушылар саны азаймай тұр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өткен тәулікте 567 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған.
«Қауіпті вирусқа шалдыққандар саны Атырау қаласында өршіп тұр. Мұнда бір тәулікте 376 науқас тіркелді. Ал, Теңіз кен орнында 45 жұмысшының коронавирусқа шалдыққаны анықталды. Жылыой ауданында 80, Қызылқоғада – 33, Махамбетте – 14, Құрманғазыда –11, Индерде – 7, Мақат ауданында 1 адамнан COVID-19 инфекциясының белгілі табылып отыр. Бір науқас қайтыс болды», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Өткен тәулікте 99 адам коронавирустан емделіп шыққан. Соңғы аптада үй жағдайында ем-дом қабылдап жатқандар саны көбейген. Қазір 5 914 адам өз үйінде емделіп жатыр. Сондай-ақ, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда– 285, модульдік ауруханада – 169, аудандардағы стационарларда – 70, ал №2 облыстық ауруханада – 56, фтизиопульманологиялық орталықта 53 науқас хаттамаға сәйкес емделуге оқшауланған.