CaspianLife, 5 қаңтар — Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының бас директоры мен сұйытылған газ сататын электронды сауда алаңының басшысы ұсталды.
Қаржы мониторингі агенттігі бағаны негізсіз көтеру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Қазақ газ өңдеу зауыты бүкіл Маңғыстау облысы және елдің басым бөлігін сұйытылған газбен қамтамасыз етеді. Президент маусымда ғана көгілдір отынды тұтыну кейінгі үш жылда екі есе өскенін, ал бұл зауыт қондырғылары 90 пайыз ескіргенін атап өткен еді.