CaspianLife, 24 желтоқсан — Желіде Атыраудағы Исатай және Махамбет алаңдарына қойылған бас шыршаны безендіру сәті түсірілген сурет тарады. Кадрда жұмысшы кранға ілініп тұрғаны көрінеді.
Суретке қатысты желі қолданушылары «Spider man өзгерген», «Технология көмегі», «Мереке үшін не істемейсің?» деген сынды пікірлер қалдырған болатын.
Атырау қаласы әкімдігі қауіпсіздік ережесін бұзғандарға шара қолданылатынын мәлімдеді.
«Жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтамау дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Шара қолданылады», — деді Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар.