CaspianLife, 8 желтоқсан – Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, мәйіт 7 желтоқсан күні 26-шағынаудандағы кәріз құдығының ішінен табылған. Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.
«Ер адам қасақана өлтірмеген. Марқұмның денесінен дене жарақаттары мен зорлық -зомбылық белгілері табылмады», — делінген ПД хабарламасында.