CaspianLife, 23 қараша – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда жаңа жылдық ұжымдық шаралар өткізу мүмкіндігі туралы айтты.
«Әр өңірдің эпидемиологиялық жағдайына байланысты ұйымдардағы, қоғамдық тамақтану орындарындағы немесе концерттердегі адам санына белгілі талаптар қойылады. Облыстың бас санитария дәрігері аймақтың «сары», «қызыл», «жасыл» болғанына қарай орын санын анықтайды», — деді Цой Үкімет отырысында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Оның айтуынша, шешімді облыстың бас санитария дәрігері шығарады.