CaspianLife, 18 қазан – Netflix стриминг компаниясы оңтүстіккореялық «Игры в кальмара» (Squid game) сериалынан шамамен 900 миллион доллар табуы мүмкін.
Bloomberg жариялаған америкалық Netflix ағындық қызметінің құжаттарына сәйкес, платформа Оңтүстік Кореяның «Игры в кальмара» сериалынан шамамен 891,1 миллион доллар табуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Netflix есептерінде адамдар сериалды көруге 1,4 миллиард сағаттан астам уақыт жұмсағанын, сериалдың алғашқы 23 күнінде шамамен 132 миллион адам «Игры в кальмара» аз дегенде екі минут көрген.
Ағындық қызмет бұқаралық ақпарат құралдары құжаттардан алынған құпия деректерді жарияламауы керек деп мәлімдеді.
«Netflix бұл көрсеткіштерді компаниядан тыс жерде талқыламайды, құпия деректерді рұқсатсыз қолданғандарға шаралар қолданылады», — деді компанияның адвокаты.