CaspianLife, 28 қыркүйек — Қаржы мониторингі агенттігі «Маңғыстау мұнайгаз» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі хабарлағандай, қаржылық барлау мәліметтері бойынша ірі компаниялар бір күндік шағын фирмалардан ақшаны қолма-қол заңсыз алу схемаларын қолданады. Сонымен қатар, мұндай компаниялардың сомасы он, тіпті жиырма есе көп, сәйкесінше мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілетіні атап өтілді.
Маңғыстау облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті «Маңғыстау мұнайгаз» АҚ (ММГ) лауазымды тұлғаларының ақша қаражатын жымқыру фактісінің алдын алды. Тергеу барысында 2017-2018 жылдары «ММГ» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры және оның орынбасары жылжымайтын мүлік объектілерінің құқық белгілейтін құжаттарын қалпына келтіру және тіркеу бойынша қызметтер көрсетудің жалған шарттарын жасағандығы анықталды. Бұл ретте, «Маңғыстау мұнайгаз» 700-ден астам жылжымайтын мүлік объектілерінің құжаттары Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағатында сақталды және қалпына келтіру қажет болмады. Құжаттардың көшірмелері тегін беріледі.
«Осылайша, акционерлік қоғамның шоттарынан қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында негізсіз 455 миллион теңгеден астам қаржы аударылған. Көрсетілген қызметтер үшін әрқайсысы 10 миллион теңгеден алды. Кінәлі тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды», — делінген қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.