CaspianLife, 21 қыркүйек — Өңірде коронавирустық инфекциясын жұқтыру көрсеткішінің төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекция 29 адамнан анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 8 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 15 науқас анықталды. Құрманғазы ауданында 2 науқас және Мақат ауданында — 1 жағдай расталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 11 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 18 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 209 адам емделіп шықты.
Қазір 1 367 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 117, екінші облыстық ауруханада – 99 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта — 26, аудандық инфекциялық стационарларда — 89 науқас ем қабылдауда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 87 науқас жатыр.