CaspianLife, 1 қыркүйек — Атырау облысы ауруханаларының реанимация бөлімшелерінде 92 пациент жатыр. Олардың тоғызы өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттарына қосылған.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өткен тәулікте (31 тамыз) өңірде коронавирустық инфекцияның 149 жаңа жағдайы тіркелген. Оның ішінде, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 89 жаңа жағдайы расталды, Теңіз кен орнында — 30 жағдай, Жылыой ауданында — 16 жағдай, Индер ауданында — 6 жағдай, Құрманғазы ауданында — 5 жағдай, Мақат, Исатай және Махамбет аудандарында — бір науқастан тіркелген.
Хабарламада нақтыланғандай, 1 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша 7 694 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 167 пациент, №2 облыстық ауруханада — 146 пациент, фтизиопульмонология орталығында — 53 пациент, кардиоорталықта — 73 пациент, темір жол ауруханасында — 83 пациент, облыстық ауруханада — 43 пациент, жатақханаларда — 73 пациент, аудандық инфекциялық стационарларда — 274 пациент, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 414 пациент ем алуда. Бүгінде вирустың таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта қалып отыр.