CaspianLife, 27 тамыз — Кеше Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов «Ashyq» жобасын енгізу туралы №37 қаулыға қол қойды.
Жаңа қаулы тармақтарының бірі «Ashyq» жобасына қатысатын бизнес субъектілері үшін карантиндік шектеулерді жеңілдету шаралары. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 28 тамызынан бастап:
— демалыс күндері — «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілеріне — сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына — сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар) жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
— сенбі күні — қоғамдық көлікке рұқсат беріледі;
— Алматы қаласын қоспағанда, 30 тамыздан бастап «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын (режимін) сағат 22.00 — ден 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзарту.