CaspianLife, 05 тамыз — Соңғы күндегі жағдай бойынша 125 адам коронавирустық инфекциядан қайтыс болды, тағы 33 адам КВИ белгілері бар пневмониядан көз жұмды. Жалпы, ресми мәліметтер бойынша, пандемия басталғаннан бері 6 402 адам коронавирустан, 3 814 адам пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Ең көп өлім-жітім Нұрсұлтан, Шымкент және Қарағанды облысында байқалады. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш батыс өңірлерде де айтарлықтай өскен. Мәселен, Атырау облысында бір күнде коронавирустан 12 адам, пневмониядан төрт адам қайтыс болды. Ал, Маңғыстау облысында коронавирус пен пневмониядан барлығы 19 науқас көз жұмған.
Осылайша, пандемия басталғаннан бері Қазақстанда covid-19–дан болған өлім-жітім саны 6 402 адамды, пневмониядан — 3 814 адамды құрап отыр.