CaspianLife, 18 маусым — «Үйден тамақ ішпеймін». Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өзі, отбасы туралы айтып, қоғамдағы өзекті деген сауалдарға жауап берді.
«Атыраулық бір жанұя азық-түлік алу үшін қанша қаражат жұмсайды?» деген сұраққа аймақ басшысы жауап бере алмады. Бірақ, кейін нақты ақпаратты білесіздер деп құтылды. Ал «отбасыңыз тамақ алу үшін қанша теңге жумсайды?» деген сауалға былайша жауап қатты.
«Шын айтқанда, иә, мен Атырау тұрғынымын. Бірақ балаларым өсті, олар Нұр-Сұлтанда тұрады. Немерелерім де осында. Келіншегім бірде балдармен, бірде менің қасымда болады. Мен көбіне үйден тамақ ішпеймін. Сондықтан өзімнің тамақ ішкенім ол отбасымның шығыны емес», — деді әкім.