CaspianLife, 15 маусым — 16 жыл халықаралық іздеуде жүрген ресейлік Светлана Киршов екі серіктесімен бірге Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің шотынан миллион доллар және 40 миллион теңге ұрлады деп айыпталуда.
Бұл істі журналистер «ғасыр алаяқтығы» деп атап кеткен. Оқиға жемістер мен көкөністерді сататын Омбы көтерме базарында басталады. 16 жыл бұрын дәл сол жерде айыпталушы сатушы болып жұмыс істейді және өзінің серіктестерінің бірімен кездеседі. Тағы бір танысымен екеуі қосымша ақша табу үшін Қазақстанға аттанады.
Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, Светлана Киршова ұйымдасқан топтың құрамында әрекет етіп, белгіленген тұлғалармен бірлесіп, жалған құжаттар бойынша 2003 жылдың сәуір айында ҚР Қазынашылық басқармасына жұмысқа орналасқан.
Киршова қазынашылықта жарты жылға жуық жұмыс істеп, сол жерде жоғары лауазымға ауысқан. Мұның бәрі алдын ала жоспарланған әрекет. Содан кейін, тергеу мәліметтері бойынша, ол ақшаны жалған шотқа аударады. Оны банктен қолма-қол түсіріп алады. Қызметкерлер одан еш күдіктенбей екі сөмке ақшасын көлікке жеткізуге көмектескен.
Кейін, Киршова жұмыс орнына қайта оралады. Бірақ, ақшаның жоғалғаны туралы тексеру жүріп жатқанын түсінген кезде, ол жұмыс орнынан кетіп қалып мүлде оралмаған. Оның жоғалып кеткеніне 16 жыл уақыт өткен. Бүгінде қолға түскен әйел алғашқы алты айда кем дегенде жеті қаланы өзгерткенін мойындап отыр. Астанадан (Нұр-Сұлтан) Бурабайға кеткен. Шекарадан өткеннен кейін ол Омбыға оралған. Артынша Новосибирск, Владивосток, Липецкке барып, соңында Белгород облысындағы шағын ауылдардың біріне тұрақтапты.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол жұмысқа ресми түрде кірмеген, жылжымайтын мүлік сатып алмаған, туыстарымен де сөйлеспеген. Мұның бәрін полицияның назарына түспеу үшін жасапты.
Светлана Киршованың болжамды серіктестері де сотталды. Олардың үстінен «алаяқтық», «ақша қаражатын заңдастыру» және «куәліктерді қолдан жасау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Светлана Киршоваға қатысты қылмыстық істі қарау жалғасуда, ол кінәсін мойындамай отыр. Кінәсі дәлелденген жағдайда ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.