CaspianLife, 5 мамыр — Грепплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатовтың өліміне кінәлі деп танылған Бекет Мазлом 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал Бейімбет Дүйсенғалиевке 3 жыл жаза кесілді. Еске сала кетейік, былтыр 9 тамызда түнде қала маңындағы Дамбы және Құрманғазы ауылының жігіттері арасындағы төбелес кезінде 2002 жылғы спортшының жүрегіне оқ тиіп, тіл тартпай кеткен еді.
«ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 387,391,393,395,398,401,402 баптары басшылыққа ала отырып, сот үкім етті. Мазлұм Бекет Қуандықұлы ҚР қылмыстық кодексінің9 9-бабының 2-бөлігінің 6,9 тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 6,9 тармақтары 15 жылға мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Мазлұмның жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсізідігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленсін. Дүйсенгалиев Бейімбет Оразбекұлы ҚР қылмыстық кодексінің 432 бабының көзделген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 432 бабының 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Есенгалиевке жазаны қылмыстық атқару орташа қауіпсіздігі мекемесіне өтеу белгіленсін», — деді Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Тыныштық Нұримова.
Бұдан бөлек Бекет Мазлом жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлейтін болды. Бірақ үкіммен жәбірленушінің ата-анасы да, сотталғандардың туыстары да келіспеді.