«Ойын алаңының ойраны шықпауы тиіс». Осыдан бір апта бұрын балалар алаңының орнына үй салмақ болған компания жұмысына қарсы шыққан «Гаухартас» ықшам ауданының тұрғындарын қала әкімі Қайрат Оразбаев онлайн қабылдады.
Көпшілікті бір сағат бойы сарылта күттіріп қойған шахар басшысы экранның арғы жағында отырып, мәселені сол бойда шешіп тастаған жоқ. Әңгіме ауаны қос тараптың да көңілін табамыз дегенге сайды.
Қайрат ОРАЗБАЕВ, Атырау қаласының әкімі
Жалпы жүйеде түскен сұрақтар мен арыздарды біздер қараусыз қалдырған ешмеміз жоқ. Тапсырманы бердім, заңды түрде шешімін күтесіз мен ойлаймын болашақ үй саламын деп отырған кісіге жер тауып беріп, балалар ойын алаңын қалдыруға мүмкіншілік туғызамыз деп.