Жаңа туылған нәрестелер облыстық перинаталдық орталығында неонатологтардың бақылауында. деп хабарлайды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
8-19 сәуір аралығында Атыраудағы модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында кесір тілігі арқылы дүниеге келген үш сәбиден коронавирус инфекциясы анықталмады.
— Ұлдардың салмағы — 2 келі 500 және 2 келі 900 грамм, ал қыз бала 3 келі 380 грамм салмақта дүниеге келді. Облыстық перинаталдық орталығындағы неонатологтардың айтуынша, сәбилердің жағдайы тұрақты.
Босанған әйелдердің бірінде екі жақты полисегментальды пневмония диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта ол хаттамаға сәйкес ем алуда. Ал, қалған екі жас ананың денсаулығына қауіп жоқ, — делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасына берілген мәліметте.
Еске салайық, 18 наурыз бен 20 сәуір аралығында Атыраудың модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында жалпы алғанда 8 сәби дүниеге келді.
Барлығынан да Covid-19 инфекциясы табылған жоқ.
20 сәуірде ауруханада іске қосылған 8778 048 94 07 жедел желі нөмірі арқылы туыстары науқастардың жағдайын біле алады.