Атырау, Caspianife. Соңғы тәулікте Атырау қаласында 76 адамнан, ал скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 19 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
Аудандарда да індет жұқтырғандар саны өсуде. Соңғы тәулікте Индер ауданының 7 , Құрманғазы ауданының 4, Исатай ауданының 2 тұрғынында Covid-19 расталды, сондай-ақ, Мақат және Жылыой аудандарында бір-бірден ауру жағдайы тіркелді.
Коронавирустық инфекциясы бар 44 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 25 адам емделді.
Қазіргі уақытта 1068 адам үй жағдайында, 181 — модульдік ауруханада, 101 — облыстық аурухананың инфекциялық стационарында, 25 – фтизиопульмонология инфекциялық стационарында, 130 — аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда-147 науқас ем қабылдауда.
Айта кетейік, Атырау облысы – коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймақта.