Атырау облысында 30 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы ATPress.kz хабарлайды.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың 8-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
14 сәуірдегі мәліметке сәйкес, аймақта COVID-19 жұқтырған 498 адам емделуде. Инфекциялық стационарлардың жүктемесі 1993 төсекке шаққанда 25,7% — ды құрайды.
Атап айтқанда, 802 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 173, облыстық аурухананың инфекциялық стационарында — 81, аудандық инфекциялық стационарларда — 113, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 131 науқас ем алуда.