Телеарна мәліметінше, Гонконгте вакцина қабылдаған азаматтар үшін карантиндік шектеулер жеңілдетілді. Осылайша жергілікті билік аймақта екпе егуге ниет білдіргендердің санын арттырмақ. Жаңа ережеге сай вакцина еккендер паб, мейрамхана мен ауруханаларға еш кедергісіз кіре алады.
Билік өкілдері бұл тізімнің алдағы уақытта тағы қаралатынын айтып отыр. Айта кетейік, бүгінде халық саны 7 млн болатын Гонконгте тұрғындардың шамамен 8 проценті ғана вакцина қабылдады.
«Бірінші кезекте екпе егу науқанын әлеуметтік арақашықтық пен шекарадағы бақылауды жеңілдету үшін бір ізге қоюымыз керек. Сонымен қатар вакцина қабылдаған тұрғындар түрлі қоғамдық орындарға бара алатын болады», — деді Гонконг басшысы Кэрри Лам.