Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы республикалық маңызы бар тас жолдағы ауыр жүкті автокөліктерді тексерді. Өйткені, ауыр жүктің жолдың сапасына әсер ететіндігі белгілі. Атырау-Доссор-Қарабатан бағытында жүргізілген рейдке полиция департаменті мен «Атырау – адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің қызметкерлері қатысты.
Тексеріс нәтижесінде белгіленген мөлшерден артық жүк тасымалдаған 3 ауыр көлікке әкімшілік құқық бұзғаны үшін хаттама толтырылды. Оларға салынатын айыппұл көлемі де әртүрлі. Мысалы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 80, орташа кәсіпкерлерге 120, ал ірі кәсіпкерлерге 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Инспекциядағылардың айтуынша, келесі тексеріс жұмыстары Мақат ауданында өтпек. Және бұл ай сайын жалғасатын болады.