Атырау облысында қасиетті Рамазан айында көп болып, ауызашар өткізуге тыйым салынды.
Аймақтың бас санитарлық дәрігері қаулыға осындай өзгеріс енгізді. Ал кафе мен мейрамханалардың жұмыс уақыты қайтадан кешкі 10 ға дейін ұзартылды. Бірақ жексенбі күндері клиенттерді қабылдауға мүлде болмайды. Сондай-ақ, сауда орталықтары да демалыс күндері жұмыс жасамайды.
Бірақ, олардың ішінде орналасқан супермаркеттер мен дәріханалар тұрғындарға қызмет көрсетеді. 26 наурызда шыққан қаулыға сәйкес, жабық базарлар демалыс күндері жұмысын тоқтатса, ашық базарлардың сенбі күні сағат беске дейін жұмыс жасауына рұқсат беріліп отыр.
Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.