Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы болып Қартбаев Бердібек Кенжебекұлы тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бердібек Кенжебекұлы 1989 жылы туған. Білімі жоғары. 2010 жылы О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінде, 2013 жылы С.Бәйішов атындағы Ақтөбе университетінде білім алған.
Еңбек жолын Жаңаөзен қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы қызметінен бастаған. 2016 жылы Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесінің бас маманы, кейінгі жылдары аталған басқармада бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы қызметін атғарған.