Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцина салдырады.
«Президент қыста берген тележолдауында мен вакцина салдырамын және барлық азаматтарды вакцина салдыруға шақырамын деді. Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақстандық вакцинаны саламын деген болатын. Жалпы салу ойында бар. Ол туралы дер кезінде құлағдар боласыздар деп ойлаймын», — деді Берік Уәли Хабар 24 телеарнасына берген сұхбатында.